Нинларо® (4 мг)

МНН: Иксазомиба цитрат соответствует Иксазомибу
Производитель: Хаупт Фарма Амарег ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Иксазомиб
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023324
Информация о регистрации в РК: 13.10.2022 - 13.10.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Нинларо®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Иксазомиб

Дәрілік түрі

Капсулалар, 2,3 мг, 3 мг және 4 мг

Құрамы

2,3 мг дозалы бір капсуланың құрамында

белсенді зат 3,29 мг иксазомиб цитраты

2,3 мг иксазомибке сәйкес келеді.

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, тальк, магний стеараты;

капсуланың қабығы: желатин, титанның қостотығы, темірдің қызыл тотығы бояғышы, қара сия 10А21 іздік мөлшерлері.

3 мг дозалы бір капсуланың құрамында:

белсенді зат 4,3 мг иксазомиб цитраты

3 мг иксазомибке сәйкес келеді;

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, тальк, магний стеараты;

капсуланың қабығы: желатин, титанның қостотығы, темірдің қара тотығы бояғышы, қара сия 10А21 іздік мөлшерлері.

4 мг дозалы бір капсуланың құрамында:

белсенді зат 5,7 мг иксазомиб цитраты

4 мг иксазомибке сәйкес келеді;

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, тальк, магний стеараты;

капсуланың қабығы: желатин, титанның қостотығы, темірдің қызыл тотығы бояғышы, темірдің сары тотығы бояғышы, қара сия 10А21 іздік мөлшерлері.

1 Қара сия 10А2 құрамында: шеллак, этанол, изопропанол, бутанол, пропиленгликоль, тазартылған су, калий гидроксиді, темірдің қара тотығы бояғышы.

Сипаттамасы

2.3 мг дозасы: қатты желатин капсулалар №4, капсула корпусы ашық-қызғылт түсті, капсула қақпақшасы ашық-қызғылт түсті, капсула қақпақшасында «Takeda» және капсула корпусында «2.3 mg» деген қара сиямен түсірілген жазулар бар;

3 мг дозасы: қатты желатин капсулалар №4, капсула корпусы ашық-сұр түсті, капсула қақпақшасы ашық-cұр түсті, капсула қақпақшасында «Takeda» және капсула корпусында «3 mg» деген қара сиямен түсірілген жазулар бар.

4 мг дозасы: қатты желатин капсулалар №3, капсула корпусы ашық-қызғылт сары түсті, капсула қақпақшасы ашық-қызғылт сары түсті, капсула қақпақшасында «Takeda» және капсула корпусында «4 mg» деген қара сиямен түсірілген жазулар бар.

Капсулалардың ішіндегісі – ақтан сарғыштау-ақ түске дейінгі ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар.

Антинеопластикалық препараттар. Антинеопластикалық басқа препараттар. Иксазомиб.

АТХ коды L01XX50

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Ішке қабылдағаннан кейін иксазомиб плазмадағы ең жоғарғы концентрациясына препаратты қабылдағаннан кейін шамамен бір сағаттан соң жетіп отырған. Ішке қабылдағаннан кейінгі орташа абсолюттік биожетімділігі 58% құрайды. Иксазомибтің AUC 0,2-ден 10,6 мг дейінгі дозалары ауқымында препарат дозасының арттырылуына пропорционал жоғарылаған.

Препаратты майлар құрамы жоғары тамақпен бір мезгілде қолдану аш қарында қабылдаумен салыстырғанда, иксазомибтің AUC 28%-ға азайтқан.

Таралуы

Иксазомиб плазма ақуыздарымен 99%-ға байланысқан. Тепе-теңдік жағдайындағы таралу көлемі 543 л құрайды.

Шығарылуы

Жүйелік клиренсі жекелеген мәндерінің 44% шамасында өзгергіштігімен шамамен 1,9 л/сағатты құрайды. Иксазомибтің ақырғы фазадағы жартылай шығарылу кезеңі (t1/2) 9,5 күнді құрады. Апта сайын ішу арқылы қолданғанда AUC бойынша шамамен 2 еселік жинақталуы байқалды.

Метаболизмі

Изотобы 14С иксазомибті дозасын ішу арқылы қабылдағаннан кейін иксазомиб плазмадағы препаратпен байланысқан материалдың барлығының 70%-ын көрсетті. Иксазомибтің шығарылуының негізгі механизмі көптеген CYP ферменттері мен CYP емес ақуыздардың әсерінен жүретін метаболизмі болып саналады. Иксазомибтің Р450 цитохромы изоферменттері пайдаланылған концентрациясының клиникалық тұрғыдан маңызды деңгейлері жағдайында, иксазомибтің метаболизміне қатысуы басым спецификалық CYP изоферментінің жоқ екендігін көрсетеді. Клиникалық концентрацияларынан жоғары концентрацияларында, иксазомиб қатысым үлестері төмендегідей бағаланған көптеген CYP изоформаларының әсерінен метаболизмге ұшырады: 3А4 (42%), 1А2 (26%), 2В6 (16%), 2С8 (6%), 2D6 (5%), 2C19 (5%) және 2С9 (<1%).

Шығарылуы

Изотобы 14С иксазомибті иксазомибтің бір реттік дозасын ішу арқылы қабылдағаннан кейін жайылған қатерлі ісігі бар 5 пациентте 62%-ы несеппен және 22%-ы нәжіспен шығарылған. Несеппен өзгеріссіз шығарылған иксазомиб, енгізілген дозасының <3,5%-ын құрады.

Тұрғындардың ерекше топтары

Жас шамасы, жыныстық, этникалық ерекшелік

Жас шамасының (23-91 жас аралығында), жыныстық ерекшеліктің, дене беткейі ауданының (1,2-2,7 м2 ауқымында) немесе этникалық ерекшеліктің иксазомиб клиренсіне клиникалық маңызды ықпалы байқалған жоқ.

Бауыр функциясының бұзылулары

Иксазомибтің фармакокинетикасы бүйрек функциясы қалыпты пациенттер мен бауыр функциясының әлсіз дәрежедегі бұзылулары (жалпы билирубин ≤ҚЖШ [қалыптың жоғарғы шегі] және АСТ >ҚЖШ немесе жалпы билирубин >1-1,5 х ҚЖШ және АСТ кез келген мәні) бар пациенттерде ұқсас болды.

Иксазомибтің фармакокинетикасы бауыр функциясы қалыпты пациенттерде 4 мг дозасында, бауыр функциясының орташа бұзылулары бар пациенттерде 2,3 мг дозасында (жалпы билирубин >1,5-3 х ҚЖШ) немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде 1,5 мг дозасында (жалпы билирубин >3 х ҚЖШ) анықталды. Дозасы бойынша қалыптастырылған AUC орташа мәндері, бауыр функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылулары бар пациенттерде 27%-ға жоғары болды.

Бүйрек функциясының бұзылулары

Иксазомибтің фармакокинетикасы бүйрек функциясы қалыпты пациенттер мен бүйрек функциясының әлсіз немесе орташа дәрежелі бұзылулары (креатинин клиренсі ≥30 мл/мин) бар пациенттерде ұқсас болды.

Иксазомибтің фармакокинетикасы бүйрек функциясы қалыпты (креатинин клиренсі ≥30 мл/мин), бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) немесе ақырғы сатыдағы, диализді қажет ететін бүйрек аурулары бар пациенттерде 3 мг дозасында анықталды. AUC орташа мәндері, бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар немесе ақырғы сатыдағы, диализді қажет ететін бүйрек аурулары бар пациенттерде 38%-ға жоғары болды. Иксазомиб концентрациясының диализ үшін белгілеудің алдында және одан кейінгі, гемодиализ жүргізу кезіндегі мәндері ұқсас болды, бұл иксазомибтің диализ арқылы шығарылмайтындығын білдіреді.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Иксазомиб цитраты физиологиялық жағдайларда биологиялық белсенді түрі иксазомибке дейін жылдам гидролизденетін зат болып табылатын ізашар дәрі.

Иксазомиб ішке қабылдауға арналған протеасоманың селективтілігі жоғары қайтымды тежегіші болып табылады. Иксазомиб көбінесе, 20S протеасомасының бета-5 суббірлігімен байланыса отырып, протеасомалардың химотрипсинтәрізді белсенділігін бәсеңдетеді.

Иксазомиб ісік жасушаларының кейбір типтерінің апоптозын индукциялайды. Иксазомиб көптүрлі миеломаның бортезомиб, ленолидамид және дексаметазон кірістірілген алдыңғы емдеу циклдарынан кейінгі қайталануы бар пациенттерде ісік жасушаларына цитоуытты әсер береді.

Кардиоэлектрофизиология

Нинларо клиникалық тұрғыдан елеулі әсер етулері кезінде QTc аралығын ұзартпаған.

Қолданылуы

Нинларо® препараты леналидомидпен және дексаметазонмен біріктірілімде, көптүрлі миеломасы бар, бұрын алдыңғы емнің кемінде бір курсын қабылдаған ересек пациенттерді емдеу үшін қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеу көптүрлі миеломаны емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен басталуы тиіс.

Нинларо® препаратының дозасы және леналидомидпен және дексаметазонмен біріктіріп қолданылуы жөніндегі нұсқаулар

Нинларо® препаратының ұсынылатын бастапқы дозалары 4 мг құрайды, ол аптасына бір рет, емдеудің 28 күндік циклының 1, 8 және 15 күндері ішке қабылданады.

Леналидомидтің ұсынылатын бастапқы дозалары 25 мг құрайды, ол емдеудің 28 күндік циклының 1- 21-ші күндері аралығында күн сайын ішке қабылданады.

Дексаметазонның ұсынылатын бастапқы дозалары 40 мг құрайды, ол емдеудің 28 күндік циклының 1, 8, 15 және 22 күндері қолданылады.

1 кесте: Нинларо® препаратын леналидомидпен және дексаметазонмен бірге қолданудың кестесі

Дәріні қабылдау

28 күндік цикл (4 апталық цикл)

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

1 күн

2-7 күндер

8 күн

9-14 күндер

15 күн

16-21 күндер

22 күн

23-28 күндер

Нинларо®

Леналидомид

күн сайын

күн сайын

күн сайын

Дексаметазон

- дәрілік затты қабылдау

Нинларо® препаратын төрт апталық циклдың алғашқы үш аптасы ішінде аптасына бір рет, аптаның белгілі бір күнінде және шамамен белгілі бір уақытта қабылдау керек. Нинларо® препаратын ас ішерден кемінде бір сағат бұрын немесе ас ішкеннен кейін кемінде екі сағаттан соң қабылдау керек. Капсуланы тұтастай, сумен ішіп жұту керек. Капсуланы сындыруға, шайнауға немесе ашуға болмайды.

Егер Нинларо® препаратының дозасын қабылдау кідіріп қалса немесе өткізіліп алса, дозасын тек, егер келесі жоспарлы дозасы ≥72 сағаттан соң қабылданатын болса ғана қабылдау керек. Өткізіліп алған дозасын не келесі жоспарлы дозасының алдындағы 72 сағат ішінде қабылдамау керек. Өткізіліп алған дозасының орнын толтыру үшін екі дозасын қабылдамаған дұрыс.

Егер дозасын қабылдағаннан кейін құсу орын алса, пациент дозасын қайталап қабылдамауы керек. Пациент препаратты қабылдауды келесі жоспарлы қабылдануы кезінде жалғастыруы тиіс.

Емдеудің жаңа циклын бастар алдында:

  • Нейтрофилдердің абсолюттік саны кемінде 1.000 /мм3 болуы тиіс

  • Тромбоциттер саны кемінде 75.000 /мм3 болуы тиіс

  • Гематологиялық емес уыттылығы, дәрігердің пікірінше, тұтас алғанда пациенттің 1-ші немесе одан төмен дәрежедегі бастапқы жағдайына дейін қалпына келтірілуі тиіс.

Емдеуді ауру үдегенге дейін немесе ауыр уыттылық дамығанға дейін жалғастыру керек.

Қатарлас емдеу

Нинларо® препаратын қабылдап жүрген пациенттерге белдемелік герпес вирусының қайта белсенділенуі қаупін азайту үшін, вирусқа қарсы профилактикалық ем жүргізу ұсынылады. Зерттеулер аясында Нинларо® препаратымен вирусқа қарсы профилактикалық ем қабылдаған пациенттерде профилактикалық емді қабылдамаған пациенттермен салыстырғанда, белдемелік герпес вирусының инфекциясын жұқтыру жиілігінің төменірек болғаны байқалған.

Нинларо® препаратын леналидомидпен және дексаметазонмен үйлестіріп қабылдап жүрген пациенттерге тромбоз дамуының негізгі қауіп факторлары мен пациенттің клиникалық жағдайын жекелей бағалауға негізделген тромбоздар профилактикасын жүргізу ұсынылады.

Дозасын өзгерту жөніндегі нұсқаулар

Нинларо® препаратының дозасын төмендетудің қадамдары 2 кестеде келтірілген, дозасын өзгерту жөніндегі нұсқаулар 3 кестеде берілген.

2 кесте: Жағымсыз құбылыстардың салдарынан Нинларо® препаратының дозасын төмендету

Ұсынылатын бастапқы дозасыа

Бірінші төмендетілуі

дейін

Екінші төмендетілуі

дейін

Тоқтату

4 мг

3 мг

2.3 мг

  • Бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылулары, бүйрек функциясының ауыр бұзылулары немесе ақырғы сатыдағы, диализді қажет ететін бүйрек аурулары бар пациенттердегі ұсынылатын бастапқы дозасы 3 мг.

  • Тромбоцитопения, нейтропения және бөртпе кезінде 3 кестеде сипатталғандай, Нинларо® препараты мен леналидомидтің дозасын өзгертуде кезектестіру ұсынылады.

    3 кесте: Леналидомидпен және дексаметазонмен бірге қолданғанда Нинларо® препаратының дозасын өзгерту жөніндегі нұсқаулар

    Гематологиялық уыттылығы

    Ұсынылатын әрекеттер

    Тромбоцитопения (тромбоциттер саны)

    Тромбоциттер саны 30 000 /мм3 аз

    • Нинларо® препараты мен леналидомидті қолдануды тромбоциттер саны ≥30 000 /мм3 жоғарылағанша тоқтата тұру керек.

    • Қалыпқа түскеннен кейін леналидомидті қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, оны келесі төменірек дозасында жалғастырады және Нинларо® препаратын өзінің соңғы дозасында жалғастырады.

    • Егер тромбоциттер саны қайтадан 30 000/мм3 төмендеп кетсе, Нинларо® препараты мен леналидомидті, тромбоциттер саны кемінде 30 000 /мм3 болғанша қолданбау керек.

    • Қалыпқа түскеннен кейін Нинларо® препаратын келесі төменірек дозасында жалғастырады және леналидомидті өзінің соңғы дозасында жалғастырады.а

    Нейтропения (нейтрофилдердің абсолюттік саны)

    Нейтрофилдердің абсолюттік саны 500 /мм3 аз

    • Нинларо® препараты мен леналидомидті, нейтрофилдердің абсолюттік саны ≥500 /мм3 болғанша қолданбау керек. Клиникалық нұсқауларға сәйкес, G-CSF (гранулоциттік колониестимуляциялаушы факторды) қолданудың талапқа сайлығын қарастыру керек.

    • Қалыпқа түскеннен кейін леналидомидті қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, оны келесі төменірек дозасында жалғастырады және Нинларо® препаратын өзінің соңғы дозасында жалғастырады.

    • Егер нейтрофилдердің абсолюттік саны қайтадан 500/мм3 төмен түсіп кетсе, Нинларо® препараты мен леналидомид, нейтрофилдердің абсолюттік саны кемінде 500 /мм3 болғанша қолданбау керек

    • Қалыпқа түскеннен кейін Нинларо® препаратын келесі төменірек дозасында жалғастырады және леналидомидті өзінің соңғы дозасында жалғастырады.а

    Гематологиялық емес уыттылық

    Ұсынылатын әрекеттер

    Бөртпе

    2 немесе 3 дәрежесіб

    • Бөртпе 1-ші немесе одан төмен дәрежеге дейін азайғанша, леналидомидті қолданбау керек.

    • Қалыпқа түскеннен кейін леналидомидті қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, оны келесі төменірек дозасында жалғастырады.

    • 2 немесе 3 дәрежедегі бөртпе қайта пайда болған жағдайда, Нинларо® препараты мен леналидомидті, бөртпелердің қарқындылығы ≤1 дәрежеге дейін азайғанша қолданбау керек.

    • Қалыпқа түскеннен кейін Нинларо® препаратын келесі төменірек дозасында жалғастырады және леналидомидті қолдануды өзінің соңғы дозасында жалғастырады.а

    4 дәрежесі

    Препаратты толықтай тоқтату керек

    Дәрежедегіі нейропатия

    Ауырсынумен жүретін 1 дәрежедегі дәрежедегіі нейропатия немесе 2 дәрежедегі дәрежедегіі нейропатия

    • Дәрежедегіі нейропатия ауырсынусыз 1-ші немесе одан төмен дәрежеге немесе пациенттің бастапқы жағдайына дейін азайғанша, Нинларо® препаратын қолданбау керек.

    • Қалыпқа түскеннен кейін Нинларо® препаратын өзінің соңғы дозасында жалғастырады.

    Ауырсынумен жүретін 2 дәрежедегі дәрежедегіі нейропатия немесе 3 дәрежедегі дәрежедегіі нейропатия

    • Нинларо® препаратын қолданбау керек. Уыттылық құбылыстары, дәрігердің пікірінше, тұтас алғанда, Нинларо® препаратын қабылдауды қайта бастар алдында пациенттің бастапқы жағдайына немесе 1 немесе одан да төмен дәрежеге дейін азаюы тиіс.

    • Қалыпқа түскеннен кейін Нинларо® препаратын келесі төменірек дозасында жалғастырады.

    4 дәрежедегі дәрежедегіі нейропатия

    Емдеу кестесін тоқтату керек.

    Гематологиялық емес уыттылығының басқа түрлері

    3 немесе 4 гематологиялық емес уыттылығының дәрежедегі басқа түрлері

    • Нинларо® препаратын қолданбау керек. Нинларо® препаратын қабылдауды қайта бастағанға дейін уыттылық дәрежесі дәрігердің қалауынша, бастапқы деңгейіне дейін немесе 1 дәрежеге дейін азайтылуы тиіс.

    • Егер құбылыс Нинларо® препаратымен байланысты болса, қалыпқа түскеннен кейін Нинларо® препаратын келесі төменірек дозасында жалғастырады

    а Уыттылығының келесі көріністері кезінде леналидомид пен Нинларо® препаратының дозасын бірінен соң бірін қабылдауды пайдалану ұсынылады

    б Дәрежесінің бағалануы АҚШ Ұлттық онкология институтының Жағымсыз құбылыстарды бағалаудың жалпы терминологиялық критерийлерінің (СТСАЕ) 4.03 нұсқасына негізделген

    Пациенттердің айрықша топтары

    Егде жастағы пациенттер

    65 жастан асқан пациенттерде Нинларо® препаратының дозасын түзету қажет емес.

    Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттердегі дозалары

    Бауырдың жеңіл дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (жалпы билирубин деңгейі ≤ қалыптың жоғарғы шегі (ҚЖШ), аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейі > ҚЖШ немесе жалпы билирубин деңгейі > 1-1,5 x ҚЖШ және АСТ деңгейінің кез келген мәні) пациенттерде Нинларо®препаратының дозасын түзету қажет емес. Бауырдың орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (жалпы билирубин > 1,5-3 x ҚЖШ) немесе ауыр дәрежедегі (жалпы билирубин > 3 x ҚЖШ) пациенттерде төмендетілген 3 мг дозасын қолдану ұсынылады.

    Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттердегі дозалары

    Нинларо® препаратының бастапқы дозасын бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан төмен) немесе ақырғы сатыдағы, диализді қажет ететін бүйрек аурулары бар пациенттерде 3 мг дейін төмендетеді. Нинларо® препараты диализ арқылы шығарылмайды және сондықтан да, диализге байланыссыз қолдануға болады.

    Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде леналидомидтің дозалануы жөніндегі ұсынымдарға қатысты, оны медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қарау керек.

    Балалар

    Нинларо® препаратын 18 жасқа дейінгі балаларда қоданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Мәліметтер жоқ.

    Жағымсыз әсерлері

    Жағымсыз құбылыстарының (ЖҚ) жиілігін сипаттау үшін келесі жіктеме пайдаланылады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1,000 - < 1/100 дейін); сирек (≥ 1/10,000 - < 1/1,000 дейін); өте сирек (< 1/10,000); белгісіз (қолжетімді мәліметтердің негізінде бағалау мүмкін емес).

    Ағзалар жүйесінің әр класында жағымсыз құбылыстар туындау жиіліктеріне сәйкес бөлініп, анағұрлым жиі кездесетін реакциялар бірінші көрсетілген.

    Нинларо® препаратын леналидомидпен және дексаметазонмен біріктіріп қолданған пациенттердегі жағымсыз құбылыстар (барлық ауырлық дәрежелері, ауырлығы 3 дәрежедегі және ауырлығы 4 дәрежедегі):

    Өте жиі

    - жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы (барлық ауырлық дәрежелері)

    - тромбоцитопения* (барлық ауырлық дәрежелері, ауырлығы 3 дәрежедегі),

    нейтропения* (барлық ауырлық дәрежелері, ауырлығы 3 дәрежедегі)

    - дәрежедегіі нейропатиялар* (барлық ауырлық дәрежелері)

    - диарея (барлық ауырлық дәрежелері), жүрек айнуы (барлық ауырлық дәрежелері),

    құсу (барлық ауырлық дәрежелері), іш қатуы (барлық ауырлық дәрежелері)

    - бөртпе* (барлық ауырлық дәрежелері)

    - арқаның ауыруы (барлық ауырлық дәрежелері)

    - дәрежедегіі ісінулер (барлық ауырлық дәрежелері)

    Жиі

    - белдемелік теміреткі (ауырлығы 3 дәрежедегі)

    - тромбоцитопения* (ауырлығы 4 дәрежедегі), нейтропения* (ауырлығы 4 дәрежедегі)

    - дәрежедегі нейропатиялар* (ауырлығы 3 дәрежедегі)

    - диарея (ауырлығы 3 дәрежедегі), жүрек айнуы (ауырлығы 3 дәрежедегі)

    - бөртпе* (ауырлығы 3 дәрежедегі )

    - дәрежедегіі ісінулер (ауырлығы 3 дәрежедегі)

    Жиі емес

    - жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы (ауырлығы 3 дәрежедегі)

    - құсу (ауырлығы 3 дәрежедегі), іш қатуы (ауырлығы 3 дәрежедегі)

    - арқаның ауыруы (ауырлығы 3 дәрежедегі)

    Ескертпе: Жағымсыз реакциялар MedDRA 16.0 нұсқасына сәйкес қолайлы терминдермен келтірілген.

    * Қолайлы терминдер тобы болып табылады

    Жекелеген жағымсыз реакцияларының сипаттамасы

    Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

    Көру мүшесі тарапынан болатын бұзылулар туралы хабарланған. Анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакциялар анық көрмеу, көздің құрғауы, конъюнктивит және катаракта болды.

    Басқа жағымсыз құбылыстар

    Келесі күрделі жағымсыз құбылыстардың сирек жағдайлары туралы хабарланды: қызбамен жүретін жедел нейтрофилдік дерматоз (Свит синдромы), Стивенс-Джонсон синдромы, көлденең миелит, артқы қайтымды энцефалопатия синдромы, ісік лизисі синдромы және тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура.

    Сонымен қатар, келесі жағымсыз реакциялар туралы да хабарланған: шаршау, тәбеттің кемуі, артериялық гипотензия, жүрек жеткіліксіздігі, аритмия, сондай-ақ, бауыр функциясының бұзылуы, соның ішінде, бауыр ферменттері деңгейінің өзгеруі.

    Нинларо®, леналидомид және дексаметазон біріктірілімін қабылдағанда, өлімге соқтыратын зеңдік және вирустық пневмония дамыған сирек жағдайлар туралы хабарланды.

    Күмәнді жағымсыз реакциялары туралы хабарламалар

    Дәрілік препараттың тіркелуінен кейінгі күмәнді жағымсыз реакциялар туралы хабарлап отыру маңызды. Бұл дәрілік препараттың пайдасы мен қаупінің арақатынасын үздіксіз қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлеріне кез келген күмәнді жағымсыз реакциялар туралы хабарлап отыруға кеңес беріледі.

    Қолдануға болмайтын жағдайлар

    - препараттың белсенді затына немесе басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

    Дәрілермен өзара әрекеттесуі

    CYP3A күшті индукторлары

    Нинларо® препаратының CYP3A күшті индукторларымен (рифампицин, фенитоин, карбамазепин және шайқурай сияқты) бір мезгілде қолданылуын болдырмау керек.

    CYP тежегіштері

    Иксазомибті CYP3A күшті тежегіші кларитромицинмен бір мезгілде қолдану иксазомибтің жүйелі әсерінің клиникалық тұрғыдан елеулі өзгеруіне алып келген жоқ. иксазомибтің Cmax 4%-ға азайып, AUC 11%-ға артқан. Сәйкесінше, CYP3A күшті индукторларымен бірге қолданғанда, иксазомибтің дозасын түзету қажет емес.

    Иксазомибті CYP1A2 күшті тежегіштерімен бір мезглде қоддану иксазомибтің жүйелі әсерінің клиникалық тұрғыдан елеулі өзгеруіне алып келген жоқ. CYP3A күшті индукторларымен бірге қолданғанда иксазомибтің дозасын түзету қажет емес.

    Иксазомибтің басқа дәрілік препараттарға әсері

    Иксазомиб CYP 1A2, 2B6, 2C8, 2C9, 2C19, 2D6 немесе 3A4/5 изоферменттерінің қайтымды немесе уақытқа тәуелді тежегіші болып табылмайды. Иксазомиб CYP1A2, CYP2B6, CYP3A4/5 изоферменттері белсенділігінің жоғарылауын немесе сәйкесінше иммунореактивті ақуыз деңгейінің пропорционал жоғарылауын туғызбайды. Иксазомиб дәрілер арасындағы CYP индукциясымен немесе тежелуімен байланысты өзара әрекеттестікке түспейді.

    Тасымалдағыш ақуыздармен өзара әрекеттесулері

    Иксазомиб – P-гликопротеиннің аффинділігі төмен субстраты. Иксазомиб бауырдағы BCRP, MRP2 немесе OATPs үшін субстрат болып табылмайды. Иксазомиб P-гликопротеин, BCRP, MRP2, OATP1B1, OATP1B3, OCT2, OAT1, OAT3, MATE1 немесе MATE2-K үшін субстрат болып табылмайды. Иксазомиб тасымалдағыш ақуыздармен байланыс үшін басқа дәрілік препараттермен бәсекелестікке түспейді.

    Оральді контрацептивтер

    Нинларо® препаратын CYP3A4, сондай-ақ, басқа ферменттер мен тасымалдағыш ақуыздардың әлсіз немесе орташа индукторы болып табылатын дексаметазонмен бір мезгілде қолданғанда, оральді контрацептивтер тиімділігінің төмендеуі қаупін ескеру қажет. Гормональді контрацептивтерді қабылдап жүрген әйелдер контрацепцияның қосымша бөгеттік әдісін пайдалануы керек.

    Айрықша нұсқаулар

    Нинларо® препараты леналидомидпен және дексаметазонмен үйлестіріліп қолданылатындықтан, аталған препараттарды қолдануға болмайтын жағдайлармен, сондай-ақ, леналидомид пен дексаметазонды медициалық қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы басқа қосымша ақпараттармен танысып шығу керек.

    Тромбоцитопения

    Нинларо® препаратын тромбоциттер санының ең жоғарғы төмендеуімен қолдану кезінде, әрбір 28 күндік циклдың 14-21 күндері аралығында байқалған, және келесі емдеу циклы басталғанда бастапқы деңгейіне дейін қалпына келуімен жүретін тромбоцитопения туралы хабарламалар бар.

    Тромбоциттер саны емдеу барысында кемінде ай сайын, Нинларо® препаратымен бақыланады. Емдеудің алғашқы үш циклы бойына жиірек бақылау жүргізілуін қарастыру ұсынылады. Тромбоцитопенияны стандартты емдеу хаттамаларына сәйкес, дозасын өзгертудің және тромбоциттер массасын құюдың көмегімен бақылауда ұстау қажет.

    Асқазан-ішек жолы тарапынан уытты әсерлері

    Нинларо® препаратын қолдану аясында ара-арасында диареяға қарсы және құсуға қарсы дәрілерді және демеуші емді қолдануды талап еткен диарея, жүрек айнуы және құсу білінген. 3 немесе 4 дәрежедегі симптомдары кезінде дозасын өзгерту қажет, қан сарысуындағы калий деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады.

    Дәрежедегіі нейропатия

    Нинларо® препаратын қабылдағанда дәрежедегіі нейропатия туралы хабарламалар болған. Пациенттердегі дәрежедегіі нейропатия симптомдарын бақылау қажет. Дәрежедегіі нейропатияның жаңа симптомдары пайда болған немесе бұрыннан барлары нашарлаған жағдайда, дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін.

    Дәрежедегіі ісінулер

    Нинларо® препаратын қабылдағанда дәрежедегіі ісіну туралы хабарланған. Пациентті алғашқы себебіне қарай бағалау, және қажет болған жағдайда, симптоматикалық емін қамтамасыз ету керек. 3 немесе 4 дәрежедегі симптомдары кезінде, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес дексаметазонның дозасын немесе Нинларо® препаратының дозасын түзетеді.

    Тері реакциялары

    Нинларо® препаратын қабылдағанда бөртпенің пайда болғаны туралы хабарламалар болды. Бөртпені симптоматикалық емдеу жолымен немесе 2-ші дәрежелі немесе одан да жоғары симптомдары кезінде дозасын өзгерту арқылы бақылауға алу керек.

    Гепатоуыттылық

    Нинларо® препаратын қабылдаған пациенттерде бауырдың дәріден зақымдануының, гепатоцеллюлярлық зақымданулардың, май гепатозының, холестаздық гепатит пен гепатоуыттылықтың сирек жағдайлары байқалған. Бауыр ферменттерінің белсенділігін жүйелі түрде бақылап отыру керек, 3-ші немесе 4-ші дәрежедегі симптомдары кезінде дозасын түзету қажет.

    Артқы қайтымды энцефалопатия синдромы

    Нинларо® препаратын қабылдап жүрген пациенттерде артқы қайтымды энцефалопатия синдромы (АҚЭС) дамуы мүмкін. АҚЭС сирек кездесетін, қайтымды, құрысу ұстамасымен, артериялық гипертензиямен, бас ауыруымен, сананың бұзылуымен және көру бұзылыстарымен көрініс беретін неврологиялық ауру болып табылады. Диагнозды растау үшін миға жасалатын томография, көбінесе, магнитті резонанстық томография пайдаланылады. АҚЭС дамыған жағдайда Нинларо® препаратын қабылдауды тоқтату керек.

    Жүктілік

    Әйелдерге Нинларо® препаратымен емделу кезінде жүктіліктен сақтануға кеңес беру керек. Егер Нинларо® препараты жүктілік кезінде қолданылса немесе жүктілік Нинларо® препаратын қабылдау кезінде басталып кетсе, пациент әйелді шарана үшін ықтимал қауіптілігінен хабардар ету керек.

    Бала туатын жастағы әйелдерге Нинларо® препаратымен емделу кезінде және емдеу аяқталғаннан кейін 90 күн бойы тиімділігі жоғары контрацепция құралдарын пайдалану қажет. Гормональді контрацептивтерді қолданып жүрген әйелдер контрацепцияның қосымша бөгеттік әдісін пайдалануы керек.

    Нинларо® препаратын леналидомидпен біріктіріп тағайындайды. Леналидомид құрылымы жағынан талидомидпен байланысты. Талидомид − адам үшін белгілі тератогендік белсенді зат, ол ауыр және өмірге қауіп төндіретін туа біткен ақауларға алып келеді. Егер леналидомид жүктілік кезінде қабылданса, тератогендік әсерін күту керек. Леналидомидті қабылдау кезінде жүктілікті болдырмау бағдарламасының шарттарын бала тууға қабілетсіз әйелдерден басқа барлық пациент әйелдер орындауы тиіс.

    Бала емізу

    Нинларо® препараты немесе оның метаболиттері емшек сүтімен бөлініп шығатын-шықпайтындығы белгісіз. Жаңа туған нәрестелер/сәбилер үшін ықтимал қаупін жоққа шығару мүмкін болмағандықтан, бала емізуді тоқтату керек.

    Балалы болуға қабілетті ерлер мен әйелдер.

    Контрацепция

    Бала тууға қабілетті әйелдерге Нинларо® препаратын қолдану кезінде және соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 90 күн бойы контрацепцияның сенімді әдістерін қолдануға кеңес беру керек.

    Гормональді контрацептивтерді қолданып жүрген әйелдер контрацепцияның қосымша бөгеттік әдісін де пайдалануы керек.

    Бала тууға қабілетті ер және әйел жынысты пациенттер емделу кезінде және одан кейін 90 күн бойы сенімді контрацепция құралдарын қолдануы тиіс. Дексаметазон CYP3A4 изоферментіне, сондай-ақ, басқа да ферменттер мен тасымалдағыш ақуыздарға күші әлсіз немесе орташа индукциялайтын әсер беретіндігі белгілі. Нинларо® препараты дексаметазонмен бірге қолданылатындықтан, ұрықтануға қарсы дәрілердің тиімділігінің төмендеуі қаупін ескеру керек.

    Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

    Нинларо® препараты көлік құралдарын немесе механизмдерді басқару қабілетіне болар-болмас әсер етуі мүмкін. Нинларо® препаратын қабылдағанда шаршау мен бас айналуы байқалған. Аталған симптомдар болған жағдайда, пациенттерге автомобиль жүргізу мен механизмдерді басқарудан бас тартуға кеңес беру керек.

    Артық дозалануы

    Нинларо® препаратының артық дозалануы кезінде қолдануға арналған арнайы антидоты жоқ. Артық дозаланған жағдайда жағымсыз құбылыстарының бар-жоқтығын қадағалау және тиісінше демеуші ем жүргізу қажет.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    1 капсуладан бүктелетін картон қорапқа желімденген ПВХ Алюминий/Алюминий пішінді ұяшықты қаптамада. 1 картон қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға (аралық қаптамаға) салынған. 3 картон қорапша (аралық қаптама) жалпы картон қорапшаға салынған. Қорғағыш жапсырмасында голографиялық тәсілмен «Takeda» логотипі көрсетілген.

    және/немесе

    1 капсуладан бүктелетін картон қорапқа желімденген ПВХ Алюминий/Алюминий пішінді ұяшықты қаптамада. 1 картон қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

    Сақтау шарттары

    30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

    Мұздатып қатыруға болмайды.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Әр капсуланы тікелей қабылдауға дейін түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

    Сақтау мерзімі

    3 жыл.

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы.

    Өндіруші

    Хаупт Фарма Амарег ГмбХ

    Донауштауфер Штрассе 378, 93055 Регенсбург, Германия /

    Haupt Pharma Amareg GmbH

    Donaustaufer Straße 378, 93055 Regensburg, Germany

    Қаптаушы

    АндерсонБрекон (Ұлыбритания) Лимитед,

    2-7 блоктар, Уай Вэлли Бизнес Парк, Брекон Роуд, Хей-он-Уай, Херефорд, HR3 5PG, Ұлыбритания

    AndersonBrecon (UK) Limited

    Units 2-7, Wye Valley Business Park, Brecon Road, Hay-on-Wye, Hereford, HR3 5PG, United Kingdom

    Шығару сапасын бақылаушы

    Такеда Айлэнд Лтд.,

    Грэндж Касл Бизнес Парк, Дублин 22, D22 XR57, Ирландия

    Takeda Ireland Ltd.,

    Grange Castle Business Park, Dublin 22, D22 XR57, Ireland

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    Такеда Фарма А/С,

    Дубендал Алле 10, 2630 Тааструп, Дания/

    Takeda Pharma A/S,

    Dybendal Alle 10, 2630 Taastrup, Denmark

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефоны, факсы, электронды поштасы):

    «Такеда Қазақстан» ЖШС

    Алматы қ., Шашкин к-сі 44

    Телефон нөмірі (727) 2444004

    Факс нөмірі (727) 2444005

    Электронды поштасы DSO-KZ@takeda.com

    Прикрепленные файлы

    Нинларо®_каз.doc 0.21 кб
    Нинларо®_рус.doc 0.16 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники